Астанада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турында «Қайрат» пен Грекияның Пирей қаласынан келген «Олимпиакос» командасы кездесті.
Кездесу өте сақ және тактикалық күреске толы өтті. Екі команда да қорғаныста барын салып, шабуылға сақ шықты. Алғашқы таймда есеп ашылмай, командалар үзіліске 0:0 есебімен кетті.
Екінші таймда «Қайрат» шабуылын күшейтіп, бірнеше рет қауіпті сәт ұйымдастырды. Бірақ соңғы соққы дәл болмай қойды. Ал грекиялық клуб өз мүмкіндігін қалт жібермеді.
73-минутта «Олимпиакос» форварды Желсон Мартинш Мехди Таремидің пасын пайдаланып, қақпаны дәл көздеді. Осылайша қонақтар маңызды үш ұпайды еншілеп кетті.
Бұл жеңістен кейін «Олимпиакос» жалпы турнирлік кестеде 5 ұпайға ие болып, 26-орынға көтерілді. Ал «Қайрат» әзірге 35-позицияда қалып отыр.