Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Реал" және "Барселонаның" экс-жұлдызы Қырғызстан құрамасының тізгінін ұстады

Сарапшы, спорт журналисі
11.12.2025, 18:52

56 жастағы хорватиялық маман Роберт Просинечки Қырғызстан құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. 

sportbox.ru
Реклама
Реклама

Келісімшарт мерзімі және мақсаттар

Қырғызстан футбол одағының (ҚФО) хабарлауынша, Просинечкимен келісімшарт бір жыл бір айға жасалған. Егер Қырғызстан құрамасы 2027 жылғы Азия кубогында сәтті өнер көрсетсе, тараптар келісімді тағы үш жылға ұзартуды жоспарлап отыр.

ҚФО президенті Камчыбек Ташиев бапкердің келуі құрама үшін жаңа кезең бастайтынын айтады:

«Роберт Просинечкидің келуі ұлттық құрамаға жаңа серпін береді. Алдымызда үлкен міндеттер тұр, оның жетекшілігімен команда сапалы өзгерістерге қол жеткізе алады», – деді Ташиев.

Роберт Просинечки кім?

Роберт Просинечки – әлем футболында есімі кеңінен танылған маман. Бапкерлік карьерасында ол:

  • Хорватия, Әзербайжан, Босния және Герцеговина құрамаларын жаттықтырды;
  • Түркия мен Черногорияның бірқатар еуропалық клубта жұмыс істеді.

Футболшы кезіндегі мансабы да ерекше қастерлі беттермен жазылған. Ол Еуропаның алпауыт клубтарында доп тепті:

  • «Реал Мадрид»,
  • «Барселона»,
  • «Црвена Звезда» сапында ойнады.

1998 жылы Франциядағы әлем чемпионатында Хорватия құрамасымен бірге қола жүлдеге қол созды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары