Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Фабио Каннаваро Өзбекстандағы басты проблеманы атады

Сарапшы, спорт журналисі
11.12.2025, 17:13

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро ел жайлы алғашқы әсерін бөлісті.

kp.ru
Реклама
Реклама

Фабио Каннаваро қазан айында Өзбекстан құрамасын тізгіндеген еді. Қазір ол штабымен бірге Ташкентте тұрып жатыр.

“Біз Ташкентте өмір сүріп жатырмыз. Бұл – қарқынды дамып келе жатқан халықаралық қала. Мұнда ескі бөлігі де, жаңа аудандары да қатар дамып тұр”, — дейді маман.

Каннаваро сондай-ақ Самарқандқа да барып қайтқанын айтады. Оның сөзінше, бұл қала ерекше атмосферасы бар, көрікті орындардың бірі.

“Мұндағы адамдар өте жылы шырайлы, қонақжай, біз тез бейімделіп кеттік. Самарқандта да болдық – шынымен керемет жер”, — деп бөлісті бапкер.

Итальяндық маман Өзбекстанға қатысты ұнамаған жағын да жасырмады.

“Кез келген елде артықшылық пен кемшілік болады. Қазірдегі басты минус – ауаның ластануы. Ластану деңгейі өте жоғары. Соған қарамастан жұмыс істеу жағдайымызға көңіліміз толады”, — деді Фабио Каннаваро.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары