Топ-клубтан ұсыныс: Александр Марочкин «Астанадан» кетуі мүмкін
12.12.2025, 12:12
Тәжірибелі қорғаушы өз клубынан әлі де ұсыныс күтіп отыр.
"Астана" ФК
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы және «Астана» ойыншысы Александр Марочкинге «Ақтөбе» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
35 жастағы қорғаушы басқа клубтармен келіссөздер жүргізбес бұрын елордалық командадан нақты ұсыныс күткісі келеді.
«Ақтөбе» Александр Марочкин сияқты тәжірибелі ойыншылармен келісімшартқа отыру арқылы қорғанысын нығайтуды көздеп отыр. Дегенмен қорғаушының трансфері туралы әңгіме айту әлі ерте. Марочкинге «Қайсар» және «Қызылжар» да қызығушылық танытуда.
Өткен ҚПЛ маусымында тәжірибелі қорғаушы 15 ойын өткізіп, бір голдың авторы атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама