Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайсардың" қарызы облыстық бюджет есебінен өтеледі

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:26

Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев осылай деді. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев «Қайсар» футбол клубындағы жалақы қарыздарына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады. 

Артаевтың айтуынша, клубтағы ең өзекті мәселе — футболшылар мен қызметкерлер алдындағы жалақы берешегі. Бұл қарызды өтеу үшін облыс тарапынан арнайы бюджеттік өтінім берілген.

«Біз “Қайсардың” жалақы бойынша қарызын өтеу үшін бюджеттік өтінім жолдадық. Бұл берешек облыстық бюджет есебінен жабылады — биыл немесе келесі жылы толықтай өтеледі. Ал мердігер ұйымдар алдындағы қарызға келсек, қазіргі таңда инвесторларға бірнеше шешім нұсқасын ұсынып отырмыз», — деді Артаев.

Жеке меншікке өткен клубқа әкімдік араласпайды

Оның сөзінше, клуб жеке кәсіпкердің иелігіне өтуіне байланысты облыс әкімдігі енді оның ішкі жұмысына араласа алмайды.

«Клуб жеке меншікке өткеннен кейін біз оның қызметіне тікелей араласа алмаймыз. Легионер шақыра ма, шақырмай ма — бұл инвестордың өз құқығы. Оның үстіне, бұл бағыт жаңа басшылықтың жоспарында бар. Қазір сапалы ойыншылар алынып жатыр, сондықтан команданың ойыны жоғары деңгейде болады деп сенемін», — деп атап өтті басқарма басшысы.

Бахтияр Артаевтың айтуынша, меншік формасының өзгеруіне қарамастан, «Қайсардың» алдына жоғары мақсаттар қойылып отыр.

«Клуб жеке басқаруға өткенімен, біздің міндет — оның елдің үздік командалары қатарында қалуын қамтамасыз ету», — деді ол.

Жаңа клуб басшылығы «Қайсар» академиясын салу және бүкіл инфрақұрылымды дамытуға шамамен 12 миллиард теңге көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары