Дастан Сәтпаев пен Алина Литвиненко – KFF League Awards by Olimpbet салтанатының триумфаторлары. Елордада жылдың футбол маусымы қорытындыланды.
Астанада KFF League Awards by Olimpbet марапаттау рәсімі өтті. Ол 2025 жылғы футбол маусымын қорытындылаған шара болды. Үздіктер анықталған кеш Қазақстан футбол федерациясының көпжылдық серіктесі – Olimpbet компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Кеш барысында ҚПЛ, әйелдер лигасы, бірінші және екінші лигалардағы маусымның үздік футболшылары мен бапкерлері марапатталды.
Салтанатты шарада «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен «Ақтөбе» әйелдер командасының форварды Алина Литвиненко жеңімпаз атанды. Дастан Сәтпаев маусым қорытындысы бойынша бірден екі номинацияда – «Маусымның үздік ойыншысы» және «Маусымның үздік жас ойыншысы» болып танылды. Ал Алина Литвиненко маусымды 72 гол және 13 нәтижелі паспен аяқтап, әйелдер лигасында «Үздік ойыншы» мен «Үздік сұрмерген» атақтарына ие болды.
2020 жылдан бері Olimpbet Қазақстан футбол федерациясының және ҚПЛ-дің бірқатар клубтың серіктесі болып келеді. Елдегі спорт индустриясына инвестиция салушы №1 компанияның өкілдері отандық футболдың соңғы кезеңдегі жетістіктерін атап өтіп, бірнеше номинация бойынша жүлделер табыстады.
Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев маусымның «Үздік қорғаушысы» атағын «Ақтөбе» клубының ойыншысы Бағдат Қайровқа табыс етті.
«Olimpbet пен Қазақстан футбол федерациясы бес жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Біз үшін қазақстандық футболды қолдап, оның қалай дамып жатқанын көру маңызды. Сондықтан бүгін маусым қорытындысын шығарып, өз ісінің нағыз кәсіби мамандарын марапаттау – ерекше қуаныш», – деді Қалиев.
Ал «Үздік шабуылшы» номинациясында «Тобыл» клубының ойыншысы Ислам Чесноков марапатталды. Жүлдені Olimpbet компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Геннадий Шемраев табыстады.
Сондай-ақ салтанатты кеште өзге де номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Қазақстан футбол федерациясы – Қазақстандағы футболды басқару және бақылауды жүзеге асыратын ұйым. 1994 жылдан бері ФИФА мүшесі.
Olimpbet – беттинг, спорт және ойын-сауық индустриясындағы жетекші қазақстандық компания, спорттық жобалар мен ұйымдарды қолдайды.