10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстанның үздік бапкері ҚПЛ клубында жұмыс істемек

Сарапшы, спорт журналисі
09.01.2026, 13:59

Атап айтқанда, павлодарлық «Ертіс» клубына келеді деген ақпар бар. 

KazFootball.kz

Тәжікстандық тәжірибелі бапкер Виталий Левченко павлодарлық «Ертіс» клубында кеңесші қызметіне тағайындалуға жақын. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

53 жастағы маман «Ертістің» негізгі командасына қатысты стратегиялық мәселелерді, клубтың академиясын дамыту бағытын қадағалайды. Сонымен қатар, Левченко Павлодар облысының әкіміне футболды дамыту мәселелері бойынша бейресми кеңесші болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін «Ертістің» жаңа бас бапкері Самат Смақовқа тәжірибелі кеңесші ретінде беларусьтік Александр Седневтің кандидатурасы қарастырылған. Алайда Седнев Бресттің «Динамосындағы» жұмысын жалғастыруды жөн көрді. Дереккөздерге сүйенсек, Виталий Левченко соңғы шешімін қаңтар айында қабылдайды.

Левченконың жетістіктері

Виталий Левченко — Орталық Азиядағы ең табысты бапкерлердің бірі:

  • желтоқсан айының басында Өзбекстанның «Нефтчи» клубынан Суперлига чемпионы атанып кеткен;
  • Тәжікстанның «Истиклол» клубымен екі рет ел чемпионы болды;
  • Тәжікстанның үздік бапкері атағын екі мәрте;
  • Өзбекстан Суперлигасының үздік бапкері атағын да екі рет иеленген;
  • Тәжікстан ұлттық құрамасын 9 матчта басқарған.

Оқи отырыңыздар: 

«Оқжетпеске» жаңа маусымға өршіл мақсат жүктелді

Ақтөбелік жанкүйерлер "Қайрат" фанатының тағайындалуына қарсы

Реклама
Реклама