Реклама
Реклама

Ескі таныс тізгіндей ме? "Реал" Моуриньюды клубқа қайтармақ

Сарапшы, спорт журналисі
17.01.2026, 16:20

Қазіргі таңда клуб басшылығы негізгі үміткерлердердің бірі ретінде "Бенфикада" жүрген Моуриньюға көз тігіп отыр. 

sport.orda.kz

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері қызметіне қайтадан Жозе Моуринью тағайындалуы мүмкін. Клуб басшылығы қазір португалиялық маманды шақыру нұсқасын қарастырып жатыр.

Don Balon басылымының мәліметі бойынша, «Корольдік клуб» испаниялық маман Альваро Арбелоаның қызметінен кеткеннен кейін жаңа бапкер іздеу үстінде. Қазіргі таңда клуб басшылығы негізгі үміткерлердердің бірі ретінде Моуриньюға көз тігіп отыр. 

Моуриньоның «Реалдағы» қызметі

Жозе Моуриньо мадридтік ұжымды 2010–2013 жылдары басқарды. Сол кезеңде ол командаға тұрақтылық әкеліп, «Реалды» Испания чемпионы атағына жеткізді. Сонымен қатар, оның тұсында клуб Еуропадағы басты фавориттердің біріне айналды.

Ал қазір португалиялық бапкер «Бенфикада» жұмыс істеп жүр. Лиссабондық клуб биылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде әзірге 25-орында келеді. Ішкі біріншілікте үздік үштікті түйіндеп тұр. 

«Реалдағы» ауыс-түйіс

Айта кетейік, бұған дейін «Реалды» Хаби Алонсо жаттықтырды. Алайда ол Испания Суперкубогы финалында «Барселонадан» (2:3) жеңілгеннен кейін қызметінен кетті.

Фото: Vesti.kz

Оның орнына тағайындалған Альваро Арбелоа да ұзаққа бармады. Командамен небәрі бір матч өткізіп, артынша орнын босатты. 

Оқи отырыңыздар: 

"Миланның" экс-ойыншысы мансабын ҚПЛ клубында жалғастырады

Самуэль Это’О тағы да дауға қалды

Сүлгі "жоғалып", Нигерия финалдан қағылды: Африка кубогында даулы эпизод тарады 

Реклама
Реклама