Самуэль Это’О тағы да дауға қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Кезінде Еуропаның бірқатар гранд клубында ойнаған, қазір Камерун футбол федерациясын басқаратын Самуэль Это’О Африка кубогындағы жанжалдан кейін жазаланды.

Самуэль Это’О тағы да дауға қалды
instagram/@samueletoo

Не болды?

БАҚ дерегінше, оқиға Африка кубогының Марокко – Камерун арасындағы ширек финалында болған. Сол матчта Марокко Камерунды 2:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өткен.

Эпизодта Это’О Марокко Корольдік футбол федерациясының (FRMF) президенті Фузи Лекджааға бағыттап әдепсіз қимыл жасағаны айтылады. Бұл жағдай CAF президенті Патрис Мотсепенің көз алдында болған. 

Жаза қандай?

CAF тәртіптік органдары:

  • 4 матчқа стадионға келуге/қатысуға тыйым салды,
  • $20 000 көлемінде айыппұл тағайындады.

Это’О соңғы жылдары футбол функционері ретінде де жиі сынға ілігіп жүр.

2025 жылы Камерун футбол федерациясына қатысты $600 мыңның жоғалуына байланысты оның аты аталғаны жөнінде ақпарат шыққан. 

2024 жылы FIFA тәртіптік комитеті оны жастар арасындағы (әйелдер U-20) әлем чемпионатындағы әрекеті үшін санкцияға іліндірген.

Ал Қатар-2022 әлем чемпионаты кезінде жанкүйермен жанжалға қатысы бар видео кең тараған, кейін бұл оқиға туралы халықаралық БАҚ та жазған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір