Қазақстанда жаңа стадион рекордты тез уақытта салынбақ

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі таңда «Алтайдың» үй алаңы – Өскемендегі «Восток» стадионы.

Қазақстанда жаңа стадион рекордты тез уақытта салынбақ
"Восток" стадионы

Шығыс Қазақстан облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ерназ Мұқатаев Өскеменде жаңа футбол стадионы екі жыл ішінде салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"22-шағынауданда салынатын жабық футбол стадионы 5 мың көрерменге арналған. Оның ішінде воркаут-аймақ пен балаларға арналған ойын алаңы орналасады. Ал сыртында 370 көлікке арналған автотұрақ салу жоспарланып отыр. Жаңа стадион екі жыл ішінде пайдалануға берілуі тиіс", — деді шенеунік.

Өскеменнің «Алтай» футбол клубы өткен маусымда Бірінші лигада үшінші орын алып, Қазақстан Премьер-Лигасына жолдама алды. 2016 жылы жаңадан құрылған клуб Бірінші лигада екінші орын иеленіп, КПЛ-2017 маусымына қатысу құқығына ие болған еді. Алайда маусым басталар алдында сертификаттау талаптарына сай келмегендіктен, Премьер-Лигадан шеттетілді.

Бұған дейін Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы үш жылда салынған болатын. Қазіргі таңда бұл — Қазақстандағы ең қысқа мерзімде тұрғызылған футбол стадионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір