Қаржылық мүмкіндігі Қазақстан Премьер-Лигасындағы өзге клубтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті.
«Ақтөбе» футбол клубының жаңа басқарма төрағасы Арман Оспанов алдағы маусымға арналған клуб бюджеті туралы пікір білдірді. Бұл жөнінде ол AmanVibe YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Оспановтың айтуынша, соңғы уақытта «Ақтөбенің» бюджетіне қатысты түрлі қауесет тарағанымен, нақты сома ресми түрде жарияланбайды.
«Бюджет шексіз болмайды. Бірақ ол кем дегенде өткен маусымнан аз болмайды. Бұл — нақты ақпарат», — деді клуб басшысы.
Ол сондай-ақ клуб бюджетінің маусым барысында өзгеруі мүмкін екенін де жасырмады. Себебі команда жасақтау процесі әлі де жалғасып жатыр.
«Қазір бір сома болуы мүмкін, ал жазда жалақы қоры өседі немесе күтпеген жағдайлар туындайды. Қосымша жабдықтар алу, инфрақұрылым мәселелері де бюджетке әсер етеді. Сондықтан оны алдын ала жариялау — стратегиялық тұрғыда дұрыс емес», — деді Оспанов.
Сонымен қатар «Ақтөбенің» қаржылық мүмкіндігі Қазақстан Премьер-Лигасындағы өзге клубтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті болатыны атап өтілді.
«Бюджет чемпиондық үшін және ең жоғары орындар үшін күресуге жеткілікті деңгейде болады», — деп нақтылады ол.
Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» құрамына бірқатар жұлдызды футболшылар қосылатыны белгілі болған еді. Клуб қатарына португалиялық вингер Луиш Нанимен және босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьяничпен қосылмақ.
Оқи отырыңыздар:
Сенегал тарихында екінші рет Африка кубогының иегері атанды!
"Реал Сосьедад" – "Барселона" матчы сенсациямен аяқталды
"Ақтөбе" Томас Мюллерге ұсыныс жасады: неміс жұлдызының жауабы белгілі