Алматылық клуб жекеменшік екеніне қарамастан, жыл сайын үкіметтен қомақты қаржы алып отырады.
"Қайрат" 2026 жылы Алматы қаласының бюджетінен 750 млн теңге алады. Бұл туралы Bes.media редакциясының қолына түскен қала бюджеті шығындарының егжей-тегжейлі құжатында жазылған.
Өтінімге сай, қаржы Премьер-лига командасының және клубтың бүкіл құрылымының жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады. "Қайрат" ФК штатында 103 қызметкер бар, оның ішінде:
Бұдан бөлек, Алматыда футзалды спорт түрі ретінде даярлау мен дамытуға 90 млн теңге қарастырылған. Бұл қаржы оқу-жаттығу процесіне, спортшылардың халықаралық, қалалық және республикалық жарыстарға қатысуына, сондай-ақ академия жұмысына, резерв дайындауға жұмсалмақ.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі (ортақ) кезеңіне тарихта алғаш рет шыққан "Қайрат" шамамен 20,2 млн еуро көлеміндегі (шамамен 12 млрд теңге) төлемді өзіне кепілдендіріп қойды. Оның негізгі бөлігі — 18,5 млн еуро: бұл Чемпиондар лигасының осы кезеңіне қатысқаны үшін берілетін фикс төлем.
2012 жылдан бері "Қайратты" кәсіпкер Қайрат Боранбаев басқарды. Осы уақытта команда Қазақстан чемпионы атанып 4 рет жеңіске жетті, ел кубогын 10 рет ұтып алды және Суперкубокты 2 мәрте иеленді.
Өткен жылдың наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі клуб футболын коммерцияландыру қажет екенін айтып, командалар тек облыстық бюджетке тәуелді болмауы керегін атап өткен еді.