Қостанайлық клуб әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады. Өткен маусымда клубтың намысын қорғаған легионер футболшы командадан кетті.
"Тобыл" жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессаудидің клубтан кеткенін ресми түрде хабарлады, деп хабарлады Қостанай клубының баспасөз қызметі.
Мәліметке сәйкес, Эль-Мессауди еңбек шартының мерзімі аяқталғандықтан командадан кетіп отыр.
Еске салайық, Ахмед "сары-жасылдар" сапында барлық турнирде 59 матч өткізіп, 15 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. "Тобылмен" бірге ол Қазақстан Кубогын, ел Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Еске сала кетейік, былтыр "Тобыл" ҚПЛ қорытындысы бойынша үшінші орын алып, ел Кубогын жеңіп алған. Енді қостанайлық ұжым ел намысын Конференция лигасының іріктеу кезеңінде қорғамақ.
Оқи отырыңыз: