Реклама
Реклама

Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы қайта тізгіндейді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:21

Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер мәселесіне қатысты жақын күндері ресми шешім қабылданады.

Талғат Байсуфинов. Фото: ҚФФ

Бізге келіп түскен инсайдтық ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфинов толыққанды түрде тағайындалады. Бұған дейін уақытша міндет атқарған маманмен келісімшарт алдағы күндері ресми түрде рәсімделмек, деп хабарлады Penalty.kz сайтына жасырын қалуды жөн көрген дереккөз.

Байсуфиновтың жетекшілігімен құрама қазан айында екі матч өткізіп, төрт ұпай еншіледі. Қарашада Астанада 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгиямен кездесіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Кейін Қазақстан құрамасы Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы жолдастық матчта жеңіліп қалды.

Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрамадағы кезеңдері жайлы

Осы сәтке дейін Талғат Маруаұлы Байсуфинов ұлттық құраманы үш рет уақытша тізгіндеген болатын.

  • 2016-2017 жылдары: 8 ойын;
  • 2020-2022 жылдары: 10 ойын;
  • 2025 жылдан қазіргі кезге шейін: 4 ойын.

Соңғы тағайындалған сәтінен бастап Байсуфинов шәкірттері әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде еш бір қарсыласына жеңілмеді.

Реклама
Реклама