Бразилиялық шабуылшы қазақстандық клубтан жылына екі миллион еуро жалақы сұраған.
"Атлетико Минейро" шабуылшысы Халктің мүддесін қорғайтын агент Патрисиа Мендес «Ақтөбемен» келіссөз жүріп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "СЭ".
Бұған дейін журналист Иван Карпов 39 жастағы бразилиялық футболшы қазақстандық клубтан жылына шамамен 2 миллион еуро көлемінде жалақы сұрағанын жазған болатын.
"Біз “Ақтөбемен” ешқандай келіссөз жүргізген жоқпыз және жүргізіп те жатқан жоқпыз. Халк — “Атлетико Минейроның” ойыншысы, оның клубпен келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды", — деді Мендес.
Халк "Атлетико Минейро" сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда бразилиялық клуб үшін 61 матч өткізіп, 21 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 1,2 миллион еуроға бағалап отыр.
Оқи отырыңыз: