Испаниялық ақпарат құралдары Серхио Рамос жетекшілік ететін инвесторлар тобы мен "Севилья" клубы арасында келіссөздер басталғанын жазды.
Marca дерегіне сәйкес, Рамос “Севильяның” директорлар кеңесінде ұсынылған бірқатар ірі акционерлерімен ниет хатына (LOI — Letter of Intent) қол қойған. Бұл құжат мәміле бойынша бастапқы ұстанымды айқындайтын келісім қадамы саналады.
Мәліметте Рамос аргентиналық кәсіпкер Мартин Инкпен (Five Eleven Capital компаниясының бас директоры) бірлесе әрекет етіп жатқаны айтылады. Marca жазуынша, клубты сатып алу бойынша алғашқы ұсыныс 450 миллион еуро болған.
Сондай-ақ басылымның дерегінше, 15 қаңтар күні Рамос Севилья қаласына ағасы Ренемен, заңгер әрі экономист Хулио Сеннонмен бірге барып, акционерлермен және мәмілеге қатысы бар заңгерлермен бірнеше кездесу өткізген.
Қазір “Севилья” Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 11-орында келеді. Команда еурокубок аймағынан 8 ұпайға қалып отыр.
Серхио Рамос кәсіби мансабын дәл “Севильяда” бастаған. Кейін 2005–2021 жылдары “Реалда” ойнап, клуб капитанына дейін көтерілді және аңыз ойыншылардың қатарына қосылды.
Қорғаушының жетістіктері арасында:
“Реалдан” кеткеннен кейін (2021) Рамос ПСЖ сапында ойнап, кейін «Севильяға» қайта оралған. Араға бір жыл салып, мансабын Мексиканың “Монтеррей” клубында жалғастырған.