Реклама
Реклама

Ақша үшін келді: "Ақтөбеге" келген ойыншының агенті шындықты жайып салды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:08

Айдин Зелькович "Ақтөбеге" 2026 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде ауысқан болатын. 

Sports24.kz

Швециялық вингер Айдин Зельковичтің "Ақтөбе" клубына ауысуының басты себебі белгілі болды. Футболшының агенті Ведран Юрактың айтуынша, трансфердің іске асуына ақша шешуші рөл атқарған. 

"Біріншіден – жақсы бюджет. Екіншіден, клуб Айдын Зельковичті өз құрамында көргісі келді. Біз “Ақтөбемен” бір айдан астам келіссөз жүргіздік. Соңында екі жылдық келісімшартқа қол қойдық", – деді Юрак.

Осылайша 28 жастағы футболшы 2027 жылға дейін ақтөбелік клубтың намысын қорғайды. Transfermarkt дерегіне сәйкес, ойыншының нарықтық құны 600 мың еуроға бағаланады.

Айдин Зелькович туралы не белгілі?

Айдын Зелькович – сол қапталда ойнайтын 28 жастағы вингер. Қазақстанға дейін ол тек Швеция чемпионатында өнер көрсеткен.

Футболшы мына клубтардың сапында ойнаған:

  • "Гуннильсе"
  • ГАИС
  • "Юнгшиле"
  • "Оддевольд"
  • "Линдоме"
  • "Эргрюте"
  • "Вернаму"

2025 жылғы Аллсвенскан маусымында Зелькович 27 матч өткізіп, 7 гол соқты. 2 нәтижелі пас берді.

"Ақтөбенің" трансферлік бағыты

"Ақтөбе" жаңа маусым қарсаңында құрамды күшейтуге белсенді кірісті. Клубтың амбициясы жоғары екенін ескерсек, Зелькович трансфері тек қаржылық шешім емес, шабуыл шебін күшейтуге бағытталған нақты қадам ретінде бағалануда.

Реклама
Реклама