Алматылық клуб жаңа маусым алдында құрамын күшейтуді жалғастырып келеді.
"Қайрат" финляндиялық "Ильвес" клубының ойыншысы Ойва Юкколаны өз қатарына қосуға жақын.
Дереккөздердің хабарлауынша, тараптар трансферге қатысты барлық талаптарды келісіп қойған. Енді 23 жастағы футболшы медициналық тексерістен өтуі керек. Осы процедура сәтті аяқталған соң, клубтар ауысымды ресми түрде жариялайды.
Финляндия чемпионатының өткен маусымында Юккола "Ильвес" сапында 28 ойынға қатысып, 7 гол соғып, 7 нәтижелі пас авторы атанған. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, оның нарықтық құны 450 мың еуро шамасында. Сондай-ақ, ол Финляндия ұлттық құрамасы сапында екі матч өткізіп, әзірге нәтижелі әрекет тіркеген жоқ.
Оқи отырыңыз: