Қазақстанға “ыңғайлы топ” түсті ме? Ұлттар лигасындағы қарсыластар белгілі болды
Брюссельде УЕФА-ның Ұлттар лигасы 2026/27 маусымының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Ұлттар лигасы-2026/27 қалай өтеді?
Жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы С Лигасындағы C3 тобына түсті. Қазақстанның бұл топтағы қарсыластары: Словакия, Фарер аралдары және Молдова.
Жаңа маусымда 54 ұлттық федерация қатысады. Командалар рейтингке қарай төрт дивизионға бөлінеді: Лига A, Лига B, Лига C және Лига D.
С Лигасында төрт топ жасақталады және әр топта төрт құрамадан болады. Әр команда қарсыластарымен үйде және сыртта ойнап, жалпы алты матч өткізеді.
Матч күнтізбесі: ойындар қашан басталады?
УЕФА мәліметінше, Ұлттар лигасының топтық кезеңі 2026 жылдың қыркүйегінде басталады. Нақты ойын терезелері мына даталарға жоспарланған:
1-тур: 24–26 қыркүйек 2026
2-тур: 27–29 қыркүйек 2026
3-тур: 30 қыркүйек – 3 қазан 2026
4-тур: 4–6 қазан 2026
5-тур: 12–14 қараша 2026
6-тур: 15–17 қараша 2026
Топтық кезең аяқталғаннан кейін топ жеңімпаздары жоғары дивизионға көтерілу үшін мүмкіндік алады. Соңғы орын алғандар өз лигасында қалу/төмен түсіп кетпеу үшін өтпелі (плей-офф) матчтарына қатысуы мүмкін.