Реклама
Реклама

Лондондық "Арсеналдың" құпия қаруы "Ақтөбеге" келді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:40

"Ақтөбе" футбол клубы "Арсеналда" доп лақтырудан (аут) жаттықтырушы Томас Гроннемарктың командаға келгенін ресми түрде хабарлады. 

Instagram/@fcaktobe_official

Томас Гроннемарк "Ақтөбеге" қашан қосылады?

Мәліметке сай, 50 жастағы маман Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде "Ақтөбенің" лагеріне келеді. Гроннемарк қазақстандық клубтың бапкерлер штабына шамамен бір апта бойы көмектеседі.

Томас Гроннемарк бұған дейін Юрген Клопптың "Ливерпульдегі" бапкерлер құрамында болған. Қазір ол лондондық "Арсеналға" кеңесші ретінде қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ Гроннемарктың Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдік жетістігі бар. Допты ең алыс қашықтыққа лақтыру бойынша рекорд иегері ретінде тіркелген.

"Ақтөбенің" соңғы маусымы және клубтағы өзгерістер

Еске салайық, өткен Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында "Ақтөбе" турнир кестесінде 5-орынға тұрақтаған.

Жақында клубтың жаңа иесі белгілі болды. "Ақтөбені" кәсіпкер Нұрлан Артықбаев сатып алды. Forbes дерегіндегі мәлімет бойынша оның дәулеті 228 миллион долларға тең.

Биылғы маусымаралық кезеңде "Ақтөбе" ҚПЛ аясында ең көп талқыланған клубтардың біріне айналып отыр. Команда құрамды күшейту бағытында бірқатар резонансты келісімдер жасап, жаңалықтардың алдыңғы қатарынан түспей келеді.

Реклама
Реклама