Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов Румынияның "Петролул" (Плоешти) клубына ресми түрде ауысты.
30 жастағы форвард еркін агент ретінде жаңа командамен келісімге келді. Келісімшарт ағымдағы маусымның соңына дейін жасалған және ұзарту опциясы қарастырылған. Айымбетовтің трансферлік құны шамамен 400 мың еуро деп бағаланып отыр.
Аймбетов жарты жылдан астам уақыт командасыз болды. Ол өткен жазда түркиялық "Адана Демирспордан" кеткен: клуб Түркия футболының екінші дивизионына түсіп қалған еді.
Қазақстандық жанкүйерге жақсы таныс шабуылшы әр жылдары:
Аймбетовтің еншісінде Қазақстан Премьер-Лигасының 3 чемпиондығы және Қазақстан Кубогының 1 жеңісі бар.
Ал Қазақстан құрамасы сапында 45 матчқа 9 гол соқты. Соңғы рет ұлттық құрамада 2025 жылдың наурызында ойнады.
"Петролул" клубы 1924 жылы құрылған. Команда:
Румыния Суперлигасының осы маусымында "Петролул" 26 турдан кейін 25 ұпай жинап, 16 команданың ішінде 12-орында тұр.