Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші жолдастық кездесуін өткізіп, Ресей Премьер-Лигасының "Оренбург" командасын минималды есеппен жеңді.
ҚПЛ чемпионы бұл ойында қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Кездесудегі жалғыз голдың авторы — португалиялық шабуылшы Жоржиньо.
Бас бапкер Рафаэль Оразбахтин алаңға мына құрамды шығарды:
Анарбеков, Мата, Африко, Мартынович, Мрынский, Оксанен, Касабулат, Тұяқбаев, Жоржиньо, Себальос, Эдмилсон.
"Оренбург" — Бірінші лиганың екі дүркін чемпионы және кубок иегері. Клубтың ең жоғары жетістіктерінің бірі — 2014/2015 маусымында Ресей Кубогының жартылай финалына шығуы. Қазір команда РПЛ турнир кестесінде 16 клубтың ішінде 15-орында тұр.
Еске салайық, "Қайрат" Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы матчында өзбекстандық "Пахтакормен" 1:1 есебімен тең түскен.
Ал бүгінгі жеңістен кейін команда 19 ақпанда ресейлік "Пари НН" клубына қарсы екі кездесу өткізеді.