Реклама
Реклама

ӘЧ-2026 қарсаңында үздің құраманың бапкері отставкаға кетуді ұйғарды

Сарапшы, спорт журналисі
25.02.2026, 18:45

Марокко құрамасының бас бапкері Валид Реграги қызметінен мерзімінен бұрын кету мәселесін талқылап жатыр. 

Instagram/@walid.regragui

Шешім жақын күндері қабылдануы ықтимал

RMC Sport мәліметінше, қазір тараптар келісімшартты ерте тоқтату нұсқасын қарастырып, қаржылық және құқықтық шарттарды пысықтауда. Қорытынды шешім жақын уақытта белгілі болуы мүмкін. 

50 жастағы маман ұлттық құрамадан тыс жерде жұмысын жалғастыруға ниетті. Әсіресе Сауд Арабиясы чемпионатындағы бірнеше клуб Реграгиге нақты ұсыныс жасауға дайын. 

Африка кубогының финалынан кейінгі дүрлігу

Марокко жуырда Африка Ұлттар кубогының финалында Сенегалға 0:1 есебімен жол берді.

Реграгидің жетекшілігімен Марокко құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында тарих жазып, жартылай финалға шыққан алғашқы африкалық құрама атанды. Сол мундиальде марокколықтар қола медаль үшін ойында Хорватияға 1:2 есебімен есе жіберді. 
Марокко құрамасы 2026 жылы Солтүстік Америкада өтетін әлем чемпионатына дайындықты жалғастырып жатыр (ойындарды АҚШ, Мексика және Канада қабылдайды).

Реклама
Реклама