ҚПЛ 1-тур
Жарнама
Жарнама
Қазақ футболшы "Бенфика" сапында алты гол соқты
sports24.kz

Қазақ футболшы "Бенфика" сапында алты гол соқты

Португалиядағы әйгілі "Бенфика" академиясында доп тебетін 15 жастағы вингер Шыңғыс Әлікеев жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында кезекті нәтижелі ойынын өткізді. 

U-16 матчындағы жарқын эпизод

Әлікеев Португалияның жасөспірімдер біріншілігінің 6-туры аясында "Амора" U-16 командасына қарсы 69 минут алаңда болды.

Ойын барысында қапталдан ортаға қарай ығыса кірген шабуылшы қақпашыны әдемі түрде алдап, допты үстінен асыра теуіп гол соқты. Нәтижесінде "Бенфика" қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

U-17 құрамасында да көзге түсті

Бір апта бұрын астаналық ойыншы "Бенфика" U-17 командасының матчына да шақырту алған. Қазір бұл ұжым лига кестесінде көш бастап тұр. Сол ойында Әлікеев 25-минутта "Маришташу" қақпасына гол соғып, командасының 4:0 есебімен жеңуіне үлес қосты.

Осылайша Шыңғыс Әлікеевтің биылғы маусымдағы барлық турнирдегі көрсеткіші — 11 матчта 6 гол. Айта кетерлігі, вингер жарақатына байланысты бірнеше апта өткізіп алған.

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан U19