Англия футбол қауымдастығы (FA) АПЛ-дың 24-турында "Челси" – "Вест Хэм Юнайтед" матчында болған жаппай қақтығысқа байланысты екі клубқа қаржылық жаза қолданды.
Тәртіптік істі қараған тәуелсіз комиссия ойын соңындағы жанжалға байланысты екі клубты да тәртіп бұзды деп таныған.
Кездесу 3:2 есебімен "Челсидің" жеңісімен аяқталған. Оқиға матчтың 95-минутында өршіген.
FA мәлімдемесіне сай "Челси" ойыншылары сол сәтте әдепсіз және/немесе арандатушы әрекетке жол берген. "Вест Хэм" футболшылары әдепсіз, арандатушы және/немесе агрессивті мінез-құлық көрсеткен.
Екі клуб та тағылған айыпты мойындағаннан кейін комиссия нақты шешім шығарды:
Айта кетейік, 2025 жылы "Челси" Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен келісімшартқа отырған. Футболшы кәмелет жасына толғаннан кейін, яғни 2026 жылдың тамызында ағылшын клубына ресми түрде қосыла алады.