Реклама
Реклама

Құны 120 мың еуро? ҚПЛ клубы сербиялық шабуылшыны сатып алды

Сарапшы, спорт журналисі
26.02.2026, 12:15

Шабуылшы соңғы екі маусымда небәрі төрт рет гол соққан.

"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" сербиялық шабуылшы Урош Миловановичпен келісімшарт жасасты. 25 жастағы, бойы 190 сантиметр болатын футболшы команда шабуыл шебін күшейтпек.

Шабуылшының мансабы жайлы

Милованович кәсіби мансабын Сербияның ОФК "Белград" клубында бастап, кейін Испаниядағы "Леванте" мен "Црвена Звезда" академияларында дайындықтан өткен.

2022 жылы Испанияға ауысып, "Спортинг Хихонмен" келісімшартқа қол қойды. Одан кейін Португалияның "Визела" клубында жалда ойнап, 2025 жылдың жазында "Шавишке" еркін агент ретінде қосылған. Сондай-ақ ол Сербияның U21 жастар құрамасына шақырту алған.

Кейбір БАҚ-тың ақпарына сүйенсек, бұл трансфердің құны 120 мың еуроны құраған.

Реклама
Реклама