"Барселона" Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро көлемінде ұсыныс алған. Бұл туралы клубтың бұрынғы директоры әрі Жоан Лапортаның кеңесшісі Жоан Солер мәлімдеді.
"Барселонаның" бұрынғы директоры және Жоан Лапортаның кеңесшісі Жоан Солер каталондық клубқа Ламин Ямаль үшін ірі ұсыныс түскенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, 18 жастағы вингерге 250 миллион еуро көлемінде трансферлік ұсыныс жасалған. Бұл мәселе футболшы жаңа келісімшартқа қол қою алдында агенттер деңгейінде талқыланған.
"Ямаль үшін 250 миллион еуро ұсынды. Бұл агенттер арасында сөз болды. Ол келісімшартын ұзартқалы жатқан тұста осындай ұсыныс түсті. Мұны жасырып қажеті жоқ", – деп келтіреді Солердің сөзін Cadenaser.com.
Айта кетейік, биылғы маусымда Ямаль Ла Лигада 21 матч өткізіп, 10 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. 2025 жылғы "Алтын доп" дауыс беруінде ол "ПСЖ" шабуылшысы Усман Дембеледен кейін екінші орын иеленген еді.