Португалиялық орталық қорғаушы Бернарду Моргаду ресми түрде "Каспий" футбол клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Бернарду Моргаду осыған дейін Швецияның жоғары лигасы “Дегерфорс” командасы құрамында ойнап, капитан қызметін атқарған. Кәсіби мансабы барысында Моргаду Швецияның “Тролльхеттан”, “Питео”, “Юттерхогдаль” клубтарында, сондай-ақ Норвегияның “Хедд” командасында ойнады. Бұған қоса, Португалияның бірнеше жастар құрамаларының жүйесінде тәрбиеленген.
Transfermarkt деректеріне сәйкес, португалиялық қорғаушының трансферлік құны шамамен 200 мың еуроны құрайды. Сондай-ақ портал мәліметінше, футболшының “Каспиймен” келісімшарты 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген.
Айта кетейік, “Каспий” өткен маусымда Қазақстан Бірінші лигасының жеңімпазы атанып, елдің Премьер-лигасына қайта оралған болатын. Өткен жылдың дивизион чемпионы атанған клуб жаңа маусым алдында құрамын күшейтіп, жоғары дивизионда тұрақты нәтижеге қол жеткізуді мақсат етіп отыр.
Клуб осыған дейін 21 жасар франциялық орталық шабуылшы Ноа Ндомбази мен сербиялық Богдан Петровичтің командаға қосылғанын жариялаған. Жақында маңғыстаулық клуб 8-наурызда «Қызылжар» командасымен Петропавлдағы «Қарасай» стадионында ойнайтын болады.