Нигериялық жартылай қорғаушы Эссьен Эдедем "Тобыл" клубынан Ирактың "Эрбиль" командасына ауысу себебін түсіндірді.
Нигериялық жартылай қорғаушы Эссьен Эдедем "Тобыл" клубынан Ирактың "Эрбиль" командасына ауысу себебін түсіндірді.
“Тобылда” маған қалағанымды бермеді және олар жалақыны уақытылы төлемеді. "Тобыл" маған жаңа келісімшартқа қол қою туралы ұсыныс жасады, бірақ олар мен қалаған нәрсені бере алмады . Құдайға шүкір, мен қазір Ирактамын. Мұнда мықты лига бар”, — деді футболшы.
Эдедем 2024 жылдың қаңтарында Ресейдің “Пари Нижний Новгород” клубынан “Тобылға” ауысып, елуден астам матч өткізді және нәтижелі пас берді. 27 жастағы африкалық жартылай қорғаушы Ирак жұлдыздар лигасында бес матчта ойнап, бір ассист жасаған.
Transfermarkt сайтының бағалауы бойынша футболшының нарықтағы құны 450 мың еуро. Порталдың дерегіне сәйкес, жаңа келісімшарт 2026 жылдың 22 қаңтарынан 30 маусымға дейін есептелген. Эдедем Нигерияның оңтүстігіндегі Аква Ибомда дүниеге келген.
Осыған дейін 2019-2022 жылдары армениялық “Ван” клубында ойнаған. Кейін “әл-Наср” және “әл-Ахдар” командаларында өнер көрсетті. 2023 жылы Ресейдің “Пари Нижний Новгород” клубына ауысты.