Реклама
Реклама

ФИФА ҚПЛ чемпионына санкция салды

Сарапшы, спорт журналисі
11.03.2026, 21:55

Халықаралық футбол федерациясы Шымкенттің "Ордабасы" клубына қатысты санкция енгізді. 

instagram/@fc__ordabasy

Шектеу 10 наурыздан бастап күшіне енді

ФИФА жариялаған мәліметке сәйкес, шектеу шаралары 10 наурыздан бастап ресми түрде күшіне енген. Алайда ұйым әзірге мұндай шешімнің нақты қандай себеппен қабылданғанын ашып айтпады.

Егер клуб белгіленген мерзім ішінде туындаған мәселелерді шеше алмаса, онда "Ордабасы" 2027 жылдың жазына дейін жаңа ойыншыларды өтінімге қоса алмайды. Бұл іс жүзінде командаға үш трансферлік терезе бойы футболшы тіркеуге тыйым салынады дегенді білдіреді.

Бұл "Ордабасыға" қалай әсер етуі мүмкін?

Мұндай санкция клубтың құрамын күшейту жоспарына елеулі кедергі келтіруі ықтимал. Әсіресе маусым барысында жаңа ойыншылармен толықтыру жасау мүмкіндігінің шектелуі команданың турнирлік мақсаттарына әсер етуі ғажап емес.

Еске салсақ, Қазақстан чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы турда шымкенттіктер павлодарлық "Ертіспен" 2:2 есебімен тең түсті.
Шымкенттік клуб алғаш рет 2023 жылғы 22 қазанда Қазақстан чемпионы атанған.

Реклама
Реклама