Реклама
Реклама

Жекеге өткен ҚПЛ клубы әлі бюджет ақшасына арқа сүйеп отыр

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:45

2025 жылдың қараша айының басында "Қайсар" клубы Tau Group компаниясының иесі Исламғали Қозбақовтың меншігіне өткен еді. 

1bol.kz

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Қайсар" клубын қаржыландыруға қатысты тың мәлімет айтылды. "Бірінші бол" подкастының кезекті шығарылымына қатысқан журналист Ербол Қайыров қызылордалық клуб жуырда жекенің қолына өткенімен, команданың негізгі қаржылық көзі әзірге бюджет қаражаты болуы мүмкін деген ақпармен бөлісті.

Клубтың жаңа иесі кім?

Еске салайық, 2025 жылдың қараша айының басында "Қайсар" клубы жекешелендіріліп, жергілікті кәсіпкер, Tau Group компаниясының иесі Исламғали Қозбақовтың меншігіне өткен болатын.

Осы өзгерістен кейін жанкүйерлер клубтың қаржылық саясаты қалай өзгеретінін талқылай бастады.

Негізгі қаржы көзі – облыс бюджетінен

Журналист Ербол Қайыровтың айтуынша, қазіргі уақытта Tau Group командаға ауқымды инвестиция құйып жатқан жоқ.

"Әзірге Tau Group компаниясы командаға қомақты қаржы құйған жоқ. Инфрақұрылым, академияға ақша салуда. Бірақ команда облыс (бюджетінен - ред.) миллиардтаған қаржы алып отыр. Алғашқы үш жылда Tau Group көп ақша салмайды" - деді Ербол Қайыров. 

Айта кетейік, биылғы маусымға дайындық барысында қызылордалық клубының құрамы бірнеше жаңа ойыншымен толықты. 

Олардың ішінде ең көп талқыланған трансферлердің бірі – "Челси" сапында өнер көрсеткен Виктор Мозес.

Реклама
Реклама