ҚПЛ-2026: Алғашқы турдағы дау

Сарапшы, спорт журналисі

Биылғы ҚПЛ маусымының алғашқы туры несімен есте қалды? Толығырақ "Бірінші бол" подкастының кезекті шығарылымында. 

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы тартысты әрі даулы сәттермен басталды. Бірінші тур матчтарында төрешілер шешіміне қатысты пікірталас туындап, кейбір фаворит клубтар күтпеген жерден ұпай жоғалтты. Белгіленбеген пенальти, қызыл қағаздың көптігі соған дәлел. 

Мәселен, "Ордабасы" мен "Елімай" ұпай жоғалтты.  Есесіне, "Қайрат", "Астана", "Ақтөбе" максималды нәтиже көрсетіп, үш ұпайын еншіледі.

"Бірінші бол" подкастының кезекті шығарылымында сарапшылар осы мәселелерді талқыға салды. Бұдан бөлек, шығарылымда қандай проблема көтерілді? Толығырақ "Бірінші болда". 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір