Покатилов бастаған "Сабах" тарихи рекорд жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Сонымен қатар команда бір матчтағы гол айырмасы бойынша да клуб рекордын қайталады.

Покатилов бастаған "Сабах" тарихи рекорд жасады
Фото: «Сабах» ФК

Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі "Сабах" клубының капитаны Стас Покатилов командасына Әзірбайжан чемпионатында тарихи рекорд орнатуға көмектесті.

Қандай рекорд?

Жоғарғы дивизионның 23-туры аясында “Сабах” клубы “Габаланы” 7:1 есебімен жеңді. Бұл нәтиже клуб тарихында өз алаңында қолжеткізген ең ірі жеңіс болды. Сонымен қатар команда бір матчтағы гол айырмасы бойынша клуб рекордын қайталады.

Покатилов кездесуде толық 90 минут ойнап, тек бір ғана гол жіберіп алды. Бұл жеңіс клуб тарихындағы жоғары дивизиондағы ең үздік көрсеткіш ретінде тіркелді. Капитандық таңбамен алаңға шыққан Стас Покатилов осы тарихи жеңістің басты қатысушыларының бірі болды.

“Сабахтың” турнирлік кестедегі жағдайы

Осы жеңістен соң “Сабах” турнирлік кестедегі көшбасшылығын нығайтып, 23 ойыннан кейін 56 ұпай жинады. Ал екінші орында тұрған “Қарабақ” командасы жеті ұпайға қалып келеді.

Стас Покатиловтың мансабы

Покатилов  әзірбайжандық клубқа дейінг қазақстандық бірқатар клубта өнер көрсетті:

  • “Ақтөбе”;
  • “Қайрат”;
  • “Тобыл”;
  • “Шахтер”;
  • “Ақжайық”;
  • “Ростов” (Ресей).

Transfermarkt порталының дерегіне сәйкес қақпашының нарықтағы құны 600 мың еуро.