Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаев "Қайратқа" жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
16.03.2026, 21:09

Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турының орталық матчында "Қайрат" пен "Ақтөбе" кездесті. 

instagram/@f.c.kairat

Екі команда да ойын бойы қауіпті сәттермен алмасты. Әсіресе бірінші таймда “Ақтөбе” қақпашысы Александр Заруцкий бірнеше эпизодта қонақтарды голдан құтқарып қалды. Соған қарамастан матчтағы басымдық негізінен алматылық клубтың жағында болды.

“Қайрат” шабуылда белсенді көрінгенімен ұзақ уақыт бойы өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады. Ойынның шешуші сәті Дастан Сәтпаев алаңға шыққаннан кейін туды. Ол Даниэль Сосадан допты тартып алып, шабуылды дәл соққымен аяқтады. 

Осы жеңістен кейін “Қайрат” алты ұпаймен турнир кетсесінде жеке дара көш бастады. Ал “Ақтөбе” үш ұпаймен қалды.

Реклама
Реклама