Реклама
Реклама

"Ордабасы" легионері ұлттық құрамадан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
18.03.2026, 11:15

Шымкенттің “Ордабасы” командасының қорғаушысы, солтүстік македониялық легионер Алекса Аманович Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсету туралы өз ойын айтты.

Фото: "Астана" ФК

Аманович Vesti.kz порталына берген сұхбатында ұлттық құрамаға қосылмайтынын айтты:

“Жоқ, мен ұлттық құрамада ойнағым келмейді, осыған дейін де айтқанмын. Мен жастардың, мысалы бүгін гол соғып, пас берген Амирдің орнын алғым келмейді. 1-2 жылда ол құрамада ойнауға дайын болады. Легионер ретінде жастардың орнын баса алмаймын”

29 жастағы футболшы наурыз айында “Ордабасыға” қосылған және команда сапында алғаш рет “Жеңіске” қарсы сырт алаңдағы ойында негізгі құрамда шыққан. Айта кетсек, шымкенттіктер “Жеңісті” 2:0 есебімен жеңген болатын.

Қазақстандағы мансап жолы

Аманович футболдағы жолын Белградтың “Партизан” клубында бастады. Кейіннен “ИМТ Белград” және сербиялық “Явор” клубтарында да ойнаған. Қазақстан Премьер-лигасында  “Тобыл” және  “Астана” құрамаларында өнер көрсетті.

Елордалық клуб сапында төрт гол соғып, алты нәтижелі пас беріп, лига Кубогын және Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Transfermarkt мәліметтері бойынша қорғаушының нарықтық құны шамамен 750 мың еуроны құрайды. Жалпы, Қазақстан клубтарында Аманович шамамен 190 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 7 ассист жазған. 

Реклама
Реклама