Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы халықаралық International Talents Cup турниріне қатысады. Дода 20-24 наурыз аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді.
Қазақстандық жас футболшылар турнирде Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан құрамаларымен кездеседі.
Матчтар Астана уақытымен 15:00- де өтеді.
Бас бапкер Ерлен Бекмұхаев турнирге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.
Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиёр Мирахматов, Матвей Ковальчук
Қорғаушылар: Михаил Турищев, Амирхан Абуов, Ислам Рашидов, Данияр Қаси, Абылай Тоқтасын, Бекнур Талғатов, Темірлан Әбжапар, Дінмұхамед Жақыпов, Абдуллах Өтеген
Жартылай қорғаушылар: Асхат Дутпаев, Алихан Ахилбаев, Мирас Салимов, Мансур Болат, Давид Заречный, Мансур Уразбаев, Ахмет Бақтыбаев, Тамерлан Сарсымбаев, Сұлтан Дауренов, Амирхан Маратов
Шабуылшылар: Бекасыл Қанат, Ибрахим Асан, Алижан Зарю
Команданы бас бапкер Ерлен Бекмұхаев бастап барады. Сондай-ақ штаб құрамында Юрий Мархель, Қазыбек Мамиленов, Жеңіс Арыстан, Еркебұлан Нуралиев және Абылайхан Құрбанәлі бар.
2025 жылы ҚФФ академиясының U-16 командасы аталған халықаралық турнирде бірінші орынды иеленген. Турнир қорытындысы бойынша тәжікстандықтар екінші орынға жайғасса, қырғыздар үштікті түйіндеді.Сонымен қатар, академияның екі ойыншысы Дэвид Заречный- үздік ойыншы, Абай Заманбек- үздік қақпашы деп танылды.