Стоилов Қазақстандағы стадиондарды сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі

Бұрын "Астана"  клубын жаттықтырған болгариялық бапкер Станимир Стоилов Қазақстандағы футбол инфрақұрылымы туралы Zidan4eg LIVE және U-SPORT арнасына берген сұхбатында пікір білдірді.

Стоиловтың айтуынша, елдегі кейбір стадиондар оның есінде “қорқынышты түс” секілді қалған.

“Ондай стадиондар көп. Болгарияда 22 жыл бойы алаңдардың жағдайы туралы айтып келемін. Мені “синоптик”, “агроном” деп атады. Бірақ дамығыларыңыз келсе  алаңдарға, стадиондарға, инфрақұрылымға көңіл бөлу керек. Ең алдымен база салу керек”.

Маман Қазақстандағы бірқатар матчтарды еске алып, кейбір жағдайлардың кәсіби футбол деңгейіне сай келмейтінін айтты:

“Кішкентай жасанды алаңдарда ойнадық. Бірде Атырауда футболшылар спортзалдың ішінде киім ауыстырды. Қазақстанда футболшыларға жақсы ақша жұмсалады, бірақ базалар мен стадиондар салу туралы ешкім ойламайды”.

Сонымен қатар , Стоилов Қазақстандағы кейбір ареналарды жоғары бағалады:

“Маған әрқашан “Астана Аренада” ойнау ұнайтын. Атмосферасы керемет, стадион іші жақсы  болды. “Қайраттың” да алаңы жақсы болды, бірақ стадион ескі”.

 Қазақстандағы елеулі жетістіктер

Айта кетсек, Станимир Стоилов 2014-2018 жылдары “Астана” командасын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен елордалық клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, Еуропа лигасының плей-офф сатысына дейін жетті. Сонымен қатар команда төрт рет Қазақстан чемпионы атанды. Кейіннен маман Қазақстан футбол федерациясының ұсынысын қабылдап, 2018 жылы ұлттық құраманың бас бапкері болды. Болгариялық бапкердің тұсында  12 матч бойы жеңіссіз келе жатқан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Венгрияны 3:2 есебімен жеңді. 2023 жылдан бастап 59 жастағы маман Түркияның “Гёзтепе” клубын жаттықтырады. Нәтижесінде қазір команда Түркия чемпионатында үздік бестікке еніп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір