Реклама
Реклама

Давид Лория вице-президент бола ма? Ермұхамед Мәулен мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:59

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория қызметінен кеткені хабарланған еді.

Elordainfo.kz

Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясындағы соңғы өзгерістерге қатысты өз ойын білдірді. Ол бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазба жариялады.

"Сонымен Давид Лория ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетті. Оның орнына біз жазғандай Александр Кеплин тағайындалмақ. Ал Давид Лория ше? ҚФФ президенті Марат Омаров бұл кісіні вице-президент қызметіне қоймақшы дейді", - деп жазды Ермұхамед Мәулен. 

Penalty.kz редакциясына келіп түскен тағы бір дерекке сәйкес, Давид Лория алдағы уақытта Ұлттық құрамалар департаментін басқарады.  

Давид Лория ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетті

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория қызметінен кеткені хабарланған еді.

Бұл шешім ҚФФ Атқару комитетінің дауыс беруі нәтижесінде қабылданды. Ресми мәліметке сәйкес, Атқару комитетінің 11 мүшесінің 6-ы отставканы қолдап дауыс берген. Осылайша Лорияның қызметтен кетуі толық бекітілді.

Давид Лория бұл лауазымға 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы болды. 

Уақытша бас хатшы тағайындалды

Лория қызметінен кеткеннен кейін ҚФФ бас хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып Александр Кеплин тағайындалды.

Реклама
Реклама