Реклама
Реклама

"Қазақтың Мессиі" болашағына нүкте қойды: Сейдахмет қай клубта қалады?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 22:11

Қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Сейдахмет өзінің басқа клубқа ауысуы мүмкін деген әңгімеге пікір білдірді.

instagram/@seidakhmet_e

“Таразға” оралу туралы қауесетке жауап берді

26 жастағы футболшының айтуынша, қазір оның бар ойы “Ақтөбе” клубымен байланысты. Сондықтан әзірге басқа командаға ауысу мәселесі күн тәртібінде жоқ.

Еркебұлан Сейдахмет бұл жөнінде:

“Менің „Ақтөбемен“ екі жылдық келісімшартым бар. Қазір барлық ойым осы клубпен байланысты. Егер тағдыр жазса, биыл „Ақтөбемен“ чемпион атанғым келеді”, – деді.

Бүгін бірқатар ақпарат құралында Еркебұлан Сейдахметтің өзінің туған клубы ”Таразға” қайта оралуы мүмкін екені туралы ақпарат шыққан. Днгенмен футболшының өзі бұл қауесетке нақты жауап беріп, қазіргі таңда “Ақтөбеде” қалуға ниетті екенін аңғартты.

“Қазақтың Мессиі” атанған футболшының мансабы

Жанкүйерлер арасында “қазақтың Мессиі” атанып кеткен Еркебұлан Сейдахмет әр жылдары бірнеше клубтың намысын қорғады. Ол Қазақстанда “Жетісу”, “Қайрат”, “Ақтөбе” командаларында ойнаса, шетелде Ресейдің “Уфасында” және Болгарияның “Левски София” клубында өнер көрсетті.

Еркебұлан осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында екі турда бар болғаны 19 минут қана алаңға шықты. Соған қарамастан футболшының болашағына қатысты түрлі әңгіме әлі де толастар емес.

Реклама
Реклама