Эквадорда футбол матчы кезінде төрешіні атып өлтірді

Сарапшы, спорт журналисі
16.04.2026, 22:27

Эквадорда әуесқой футбол матчы кезінде қайғылы оқиға тіркелді.

nypost.com

Оқиға қалай болды?

Қанды оқиға Эль-Оро провинциясына қарасты Пасахе қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, матч өтіп жатқан сәтте бірнеше қарулы адам алаңға жақындап, төреші Хавьер Ортегаға оқ жаудырған, деп жазады Daily Mail.

Шабуылшылар оқиға орнынан бірден қашып кеткен. Ал төреші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.

Атыс басталған сәтте ойын бірден тоқтатылды. Футболшылар мен жанкүйерлер жан-жаққа қашып, қауіпсіз жер іздеуге мәжбүр болған. Кейін құқық қорғау органдары оқиға орнын қоршауға алып, сараптама жұмыстарын жүргізген.

Марқұмның жақындары әділдік талап етті

Қайғылы жағдай кезінде марқұмның туыстары да стадионда болған. Олар биліктен қылмыскерлерді тауып, қатаң жазалауды талап етті.

Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті. Оқиғадан кейін ұйымдастырушылар барлық жоспарланған ойындарды белгісіз мерзімге дейін кейінге шегерді.

Хавьер Ортега өңірде танымал төрешілердің бірі болған. Ол көбіне әуесқой деңгейдегі матчтарға қызмет көрсетіп келген.

Реклама
Реклама