"Қайрат" ҚПЛ-дегі көшбасшылығын сақтап қалды
Алматыда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 6-турында "Қайрат" Ақтаудың "Каспиін" қабылдады.
Матч тағдыры екінші таймда шешілді
Үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Жанкүйерлері екінші таймда ғана гол көрді.
55-минутта Дастан Сәтпаев мергендік танытып, "Қайратты" алға шығарды. Ал матчтың соңына қарай, нақтырақ айтқанда 82-минутта Жоржиньо есеп айырмасын еселеп, ойынның нүктесін қойды.
"Қайрат" жеке дара көш бастады
Бұл жеңістен кейін Рафаэль Оразбахтин баптайтын "Қайрат" 14 ұпаймен ҚПЛ кестесінде жеке дара көш бастады. Команданың ең жақын қуғыншысы — семейлік "Елімай", оның еншісінде 12 ұпай бар.
Ал "Каспийдің" жағдайы әзірге күрделі. Ақтаулық клуб екі ұпаймен 15-орында қалып отыр және турнир кестесінің төменгі бөлігінен шыға алмай келеді.
Келесі турда чемпионаттағы басты ойындардың бірі өтеді. Алматыда "Қайрат" пен "Елімай" көшбасшылық үшін таласқа түседі. "Каспий" сырт алаңда Қостанайдың "Тобылымен" ойнайды.