"Тобыл" жеңілістен есін жияр емес

Сарапшы, спорт журналисі
19.04.2026, 18:05

Жезқазғанда Қазақстан Премьер-лигасының 6-турында "Ұлытау" "Тобылдан" басым түсті. 

instagram/@fc_ulytau

Қостанайлықтар есепті бірінші ашты

Кездесуді қостанайлық клуб белсенді бастады. Қонақтар алғашқы минуттардан-ақ басымдыққа ие болып, 7-минутта есеп ашты. Сербиялық шабуылшы Урош Миловановичтің соққысынан кейін доп қорғаушыға тиіп, Дмитрий Непогодовтың қақпасына кіріп кетті.

Алаң иелері бірінші таймның аяқталуына жақын қалғанда есепті теңестіріп үлгерді. Ганалық қорғаушы Давид Мартен алыстан дәл соққы жасады. 

Жеңіс голын пенальтиден соғылды

Екінші тайм басталғаннан кейін көп ұзамай жезқазғандық клуб пенальтиге ие болды. Осы мүмкіндікті никарагуалық шабуылшы Ариагнер Смит мүлт жібермеді. 

Матчтың 62-минутында алаң иелері қиын жағдайға тап болды. Бұған дейін гол соққан Давид Мартен екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған. Соған қарамастан жезқазғандық команда қорғаныста сауатты ойнап, есепті сақтап қала алды.

Турнир кестесіндегі жағдай

Осы жеңістен кейін "Ұлытау" 11 ұпайға жетіп, ҚПЛ-дың онлайн турнирлік кестесінде 5-орынға көтерілді.

Ал "Тобыл" болса, бұрынғысынша 2 ұпаймен 15-орында қалып отыр.

Реклама
Реклама