Максим Самородов "Спартак" қақпасына гол соқты (ВИДЕО)
19.04.2026, 20:13
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасының 25-турында мәскеулік "Спартактың" қақпасын дәл көздеді.
instagram/@akhmatgrozny
Гол қалай соғылды?
Грозныйдың "Ахмат" клубында өнер көрсететін қазақстандық футболшы сырт алаңда өткен кездесудің 41-минутында мергендік танытты. Самородовтың бұл добы матчтағы есеп айырмасын қысқартып, команданың үмітін оятты — 1:3.
Максим Самородов гол соққанға дейін мәскеулік клуб сапынан үш ойыншы көзге түсті:
- Эсекьель Барко — 21-минут
- Маркиньос — 28-минут
- Жедсон Фернандеш — 40-минут
Турнир кестесіндегі жағдай
Ойын басталар алдында грозныйлықтар 31 ұпаймен Ресей Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұрды. Ал мәскеулік "Спартак" 42 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасқан еді.
Айта кету керек, Самородов РПЛ-дың биылғы маусымында өз есімін бесінші рет таблода тіркеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама