Футбол матчы жанкүйерлер қақтығысымен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:50

Парагвай чемпионатындағы "Олимпия" мен "Серро Портеньо" арасындағы маңызды матч жаппай тәртіпсіздікке байланысты тоқтатылды.

EFE/ Дерлис Мартинес

29-минутқа созылған матч

Кездесу “Эстадио Дефенсорес дель Чако” стадионында өтті. Парагвай чемпионатының 17-туры аясындағы басты дерби жанкүйерлердің тәртіпсіздігіне байланысты ойын 0:0 есебінде толық аяқталмай қалды. Оқиға кезінде жанкүйерлер мен полиция арасында қақтығыс орын алып, стадионда түтін мен дүрбелең пайда болған , жүздеген көрермен алаңға жүгіріп шыққан.

Қақтығыс қалай басталды?

Куәгерлердің айтуынша, тәртіпсіздік “Серро Портеньо” жанкүйерлері секторында петардалардың жарылуынан басталған. Ресми мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 11 полиция қызметкері жарақат алған, олардың бірі ауыр жағдайда және 31-ге жуық адам ұсталған. Қауіпсіздік күштері тәртіп орнату мақсатында резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған. 

Парагвай футбол ережесіне сәйкес, егер матч жанкүйерлер кесірінен тоқтатылса, командаға техникалық жеңіліс берілуі мүмкін. “Олимпия” клубы 3 ұпайды өздеріне беруді талап етуде. Аталған істі Парагвай футбол қауымдастығы қарастырады.

 

Реклама
Реклама