Самат Смақов Еуропада шеберлігін шыңдап жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:04

"Тұран" клубы бас бапкерінің ассистенті танымал футболшы Самат Смақов УЕФА-ның UEFA Pro лицензиясы аясындағы тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысып, пікір білдірді.

ҚФФ

Бағдарлама Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Смақов бұл тәжірибенің басты артықшылығы жоғары деңгейлі мамандармен тәжірибе алмасу екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда жаттығуларға көбірек көңіл бөлінсе, Еуропада бапкердің тұлғалық дамуға мән береді.

“Ең алдымен, бұл халықаралық ортада жұмыс істеудің және жоғары деңгейдегі әдіскерлер мен жаттықтырушылармен пікір алмасудың құнды тәжірибесі болды. Мұндай бағдарламалар кәсіби ой-өрісімізді кеңейтіп, жаттығу үдерісіне түрлі тәсілдерді көруге және өз деңгейімізді әділ бағалауға мүмкіндік береді. Егер салыстыратын болсақ, Қазақстанда біз көбіне практикалық жаттығуларға басымдық береміз. Ал бұл бағдарламада бапкердің тұлғалық дамуына, менталдық қасиеттерге, коучинг дағдыларына және команданы басқару қабілетіне ерекше көңіл бөлінді.”

Бағдарлама барысында Шон Дайч және Анже Постекоглу секілді мамандардың тәжірибесі талқыланған. Бапкер еуропалық модельдерді елімізде қолдануға байланысты қарсылығын білдірді.

“Әрине, еуропалық тәсілдерді сол күйінде көшіру дұрыс емес. Дегенмен негізгі тенденцияларды бейімдеу қажет. Бұл – бапкер мен команданың икемділігі, жаттықтырушылық құзыреттерді дамыту, нақты ойын қағидаларын қалыптастыру және өтпелі кезеңдерге ерекше назар аудару.”

Реклама
Реклама