ҚФФ "Алтайдың" бетін қайтарды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:34

Футбол федерациясы аталған команданың өз алаңында ойнауына рұқсат бермеді.

kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы Өскеменнің "Алтай" клубына Қазақстан кубогы аясындағы матчты өз стадионында өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы инсайдер Елдар Аманбаев мәлімдеді.

Стадион талапқа сай емес

ҚФФ-ның лицензиялау департаменті клубтың стадионы қазіргі уақытта белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтаған. Соның салдарынан 30 сәуірге жоспарланған матчты Өскеменде өткізу мүмкін болмай отыр.

"Клубтың стадионы әзірге талаптарға сай емес және кубок ойынына дайын болмайды", – делінген ақпаратта.

Осыған байланысты "Алтай" уақытша өз қарсыластарын Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында қабылдайды. Дәл осы алаңда команда "Ұлытау" (Жезқазған) клубына қарсы ойнауы ықтимал.

Дереккөздердің айтуынша, жұмыстар жоспар бойынша жүрсе, 9 мамырға қарай стадион толық дайын болады деген үміт бар.

Айта кетейік, ҚПЛ-дің 2026 жылғы маусымында "Алтай" алты турдан кейін 3 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр.

Реклама
Реклама