Танымал комментатор "Оқжетпестің" директоры атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:34

"Оқжетпес" футбол клубының директоры қызметіне журналист Ербол Қайыров тағайындалды. Жақын уақытта Қайыров ұжымға ресми түрде таныстырылып, қызметіне кіріседі.

instagram/erbol_kairov/

Мансап жолы

Ербол Қайыров – Ақмола футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби жолын Chempionat.kz порталында бастап, кейіннен бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Мансап жолында ҚФФ құрамында, Қазақстан кәсіби футбол лигасы жүйесінде қызмет атқарған. Qazsport, Хабар арналарында комментатор болып, Еуропа және әлем чемпионаттарын, Чемпиондар лигасының матчтарында, Олимпиада ойындарында хабар таратқан. Сонымен қатар бірнеше рет үздік спорт журналисі атағын алған. 

Клуб алдындағы жаңа міндеттер

Бұған дейін “Оқжетпес” клуб директоры қызметін Мұрат Тлешев атқарған. Тлешев бұрын "Шахтер", "Астана" және "Тұран" футбол клубтарында спорт директоры болған.

Жаңа басшы Ербол Қайыровқа клубтың даму бағытын күшейту, инфрақұрылымды дамыту сынды бірқатар стратегиялық міндеттер қойылмақ.

Реклама
Реклама