Италия чемпионатында қақпашы омыртқасын сындырып алды

Сарапшы, спорт журналисі
21.04.2026, 18:17

Италияның B сериясындағы матчтардың бірінде "Чезена" клубының қақпашысы Джонатан Клинсман ауыр жарақат алды. Аңызға айналған Юрген Клинсманның ұлы ойын барысында мойын омыртқасының сынғанын мәлімдеді.

instagram/@jklinsmann33

Клинсман үшін маусым аяқталды 

Футболшы өз Instagram парақшасында жанкүйерлеріне жағдайын түсіндірді. Оның айтуынша, сенбі күнгі кездесуден кейін биылғы маусым өзі үшін мерзімінен бұрын аяқталған.

Джонатан Клинсман әзірге алаңға қайта орала алмайтынын айтты. Қазір қақпашы ауруханада ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар әріптестері мен жанкүйерлеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

“Чезена” клубы ресми мәлімдеме жасады

Қақпашының жарақатына байланысты “Чезенаның” ресми сайты да арнайы мәлімдеме жариялады.

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, матчтың соңына қарай Клинсман алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Филиппо Раноккьямен соқтығысқан. Осы эпизодтан кейін қақпашы басынан жарақат алған. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның мойын бөлігіндегі омыртқалардың бірінде сыну бар екені анықталған.

Қазір футболшы қосымша тексерулерден өтіп жатыр. Дәрігерлер оны толық диагностикадан өткізіп, нейрохирургтың кеңесіне жіберген.

Реклама
Реклама