"Тобыл" бас бапкерсіз қалды
21.04.2026, 20:12
Қостанайдың "Тобыл" футбол клубы ресми түрде Нұрбол Жұмасқалиевтің команданың бас бапкері қызметінен кеткенін мәлімдеді.
instagram/@fctobol
“Тобылдағы” табысты кезең аяқталды
Нұрбол Жұмасқалиевтің жетекшілігімен “Тобыл” соңғы жылдары айтарлықтай нәтижелерге жетті. Команда:
- Қазақстан кубогын жеңіп алды,
- Суперкубок иегері атанды,
- Ел чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
Бұл жетістіктер қостанайлық клубтың ел футболындағы беделін арттыра түсті.
Клуб аңызымен қоштасты
“Тобыл” басшылығы Жұмасқалиевтің клуб тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Ол тек бапкер ретінде емес, ойыншы ретінде де команда символына айналған тұлға.
Клубтың ресми мәлімдемесінде:
“Нұрбол Жұмасқалиевке атқарған еңбегі, жоғары кәсібилігі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз”, – делінген.
Қазір “Тобыл” ҚПЛ кестесінде 15-орында тұр. Команда еншісінде 6 турдан кейін небәрі 2 ұпай бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама