"Жетісу" құрамын жаңа ойыншымен күшейтті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 06:50

"Жетісу" ФК венесуэлалық Диего Луна Флореспен келісімшартқа отырды.

"Химки" ФК

Луна Флорес “Депортиво Ла Гуайра” клубының түлегі. Кәсіби мансабын Венесуэлада бастап, кейін Еуропа және Ресей чемпионаттарында өнер көрсеткен.

Испанияда “РСД Алькала” сапында, Венесуэлада “Самора” және “Каракас” клубтарында тәжірибе жинаған. 2024 жылы Ресейдің “Балтика” клубымен Бірінші лига чемпионы атанған.

Сонымен қатар Венесуэланың жастар құрамаларында 9 матч өткізіп, 1 гол соққан. Transfermarkt дерегіне сәйкес, ойыншының нарықтық құны шамамен 500 мың еуро.

Қазір “Жетісу” ҚПЛ кестесінде 8 ұпаймен 8-орында тұр.

Талдықорғандықтар Премьер-лиганың 6-турында “Ертісті” 2:1 есебімен жеңді.

Реклама
Реклама